КГУ «Общеобразовательная средняя школа-гимназия №11» г.Актобе


Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
🔸️Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
🔸️Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
@edu_news_qz
Прием документов в 1 класс начнется 1 апреля Прием документов в 1 класс стартует 1 апреля и продлится до 1 августа. Это было сделано для удобства всех участников образовательного процесса.
🔸️Родители смогут заранее определиться со школой, вовремя сдать необходимые документы и собрать школьные принадлежности.
🔸️Руководство школы сможет заранее укомплектовать классы, закупить необходимое количество учебников, распределить часы, определить состав педагогов.
Подать заявление можно через egov.kz, предоставив следующие документы:
✅ заявление от родителей (или лиц, заменяющих их);
✅ копия свидетельства о рождении ребенка;
✅ документ о состоянии здоровья по форме 026/у-3 «Паспорт здоровья ребенка»;
✅ документ о состоянии здоровья по форме 063/у;
✅ две фотографии 3х4.
❗Заявление рассматривается 1 рабочий день.
@edu_news_qz

Мектептерде оқу жылының аяқталу мерзімі бекітілді
📚Мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды. Педагогтер бұрынғыдай жазда 56 күн демалады. Оқушылар ата-аналарының өтініштері бойынша 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алады.
📚Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Тиісті бұйрыққа қол қойылып, педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарына жіберілді.
💬 «Барлық мектепте оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Сонымен бірге 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді. Балалар өз қалауы бойынша, ата-аналарының өтінішімен 19 маусымға дейін сабақтарға қатыса алады. Мұғалімдердің еңбек демалысына қатысты еш өзгеріс болмайды. Педагогтер әдеттегідей жазда 56 күн демалады. Барлық жұмыс заң аясында, құқықтық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады. Біз келесі жылы да пандемияның салдарын ескеруіміз керек. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тиісті жұмыс атқаруы қажет», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
@bilim_jane_gylym
Утверждены сроки завершения учебного года для школьников
📚2020-2021 учебный год в казахстанских школах завершится 25 мая. В продолжительности отпусков учителей изменений не будет. Педагоги, как и прежде, отдохнут 56 дней в летнее время. В школах будут организованы летние школы до 19 июня. Все желающие ученики могут посещать уроки по заявлению родителей.
📚Сегодня на аппаратном совещании Министерства образования и науки были даны разъяснения по вопросам организации летней школы в 2020-2021 учебном году. Соответствующий приказ подписан, методические рекомендации для педагогов направлены в организации образования.
💬 «Учебный год во всех школах завершается 25 мая. Но при этом до 19 июня будут организованы летние школы. Это носит добровольный характер. В продолжительности отпусков учителей изменений не будет. Педагоги, как и прежде, отдохнут 56 дней в летнее время, вся эта работа будет организована в рамках правового поля. Мы и в следующем году должны учесть последствия пандемии. Академия образования имени И.Алтынсарина должна внести соответствующие корректировки. Мы не можем делать вид, что ничего не случилось, и стандартно готовиться к следующему учебному году», – отметил Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов.
@bilim_jane_gylym

Қадірлі ата-аналар, оқушылар!
Шектеу шараларының салдарынан орын алған оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру, пәндер бойынша өткен материалды сапалы меңгерту мақсатында өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектептер ашылатындығын хабарлаймыз. Жазғы мектептерге оқушылар ата-аналардың өтініші негізінде қабылданады.
Құрметті ата-ана! Егер сіз балаңыздың оқу бағдарламасын толық меңгергендігін және келесі сыныптағы білім стандарттарын қиындықсыз игеруін қаласаңыз жазғы мектепке ұл-қызыңыздың тіркелуіне себепші болыңыз. Оқу тегін және ешқандай қосымша шығындарды қажет етпейді. Мектеп формасын сақтау талап етілмейді.
Жазғы мектепке тартылған мұғалімдердің кезекті еңбек демалысы 19 маусымнан кейін беріледі. Жалақылары осы оқу жылында бекітілген оқу жүктемесі негізінде төленеді.
Мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (кіре берістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалық режим, қолды жиі жуу, ғимаратты, оқу бөлмелерін ылғалды жинау, желдету, кварцтау) толық сақталады, көпшілік шаралар ұйымдастырылмайды.
@bilim_akimat
Уважаемые родители, ученики!
Информируем вас, о том, что с 26 мая по 19 июня во всех организациях образования области будут открыты летние школы с целью восполнения пробелов в знаниях учащихся, качественного усвоения пройденного материала по предметам. В летние школы учащиеся принимаются на основании заявления родителей.
Дорогие родители! Если вы хотите, чтобы ваш ребенок овладел программой обучения в полном объеме и без проблем усвоил образовательные стандарты в следующем классе, обязательно зарегистрируйте своего сына и дочь в летнюю школу. Обучение бесплатное и не требует никаких дополнительных затрат. Соблюдение школьной формы не требуется.
Очередной отпуск учителям, привлеченным в летнюю школу, предоставляется после 19 июня. Заработная плата выплачивается на основании учебной нагрузки, утвержденной в текущем учебном году.
В школах полностью будут соблюдены санитарно-эпидемиологические требования (ежедневное измерение температуры при входе, масочный режим, частое мытье рук,влажная уборка здания, учебных помещений, проветривание, кварцевание), массовые мероприятия проводиться не будут.
@bilim_akimat



К сведению родителей будущих первоклассников

Контакты

Адрес: РК, Актюбинская обл., г. Актобе. ул. Айтеке би, 35

Телефон: 8 (7132) 21-12-24

Е-mail: akschoоl11@mail.ru